Қазақстан және шетелдегі 15 мемлекетте 9920 сайлау учаскесі ашылған

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша 9920 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты.


«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00-де еліміздің барлық аймағындағы 9920 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның ішінде 15 мемлекеттегі 17 сайлау учаскесі бар. Шет мемлекеттерден Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Қытай, Моңғолия, Сингапур, Тайланд, Индонезия, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Үндістан және Тәжікстандағы сайлау учаскелері ашылған. Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылардың саны 11 947 995 сайлаушыны құрайды. Ал қалған шетелдегі 48 сайлау учаскесі дауыс беруді кешірек бастайды. Осы есептен шығару куәлігімен сайлаушы кез келген басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Ол үшін жеке куәлігі мен есептен шығару куәлігін көрсетуі керек", - дейді Сәбила Мұстафина.

Айта кетейік, бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де басталған. Сайлау 20:00-ге дейін жалғасады. Содан кейін бірден дауыс санау басталады. Сағат 20.00-де сайлау учаскесінің есігі жабылады. Бірақ іште қалған адамдар дауыс беріп, шыға алады. Дауыстарды санау кезінде алдымен қолданылмаған бюллетеньдер есептеледі екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы