15 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 15-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болады, соған байланысты күн райы құбылып тұрады. Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, сонымен бірге бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ғана күн ашық болады.
Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.
Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-25 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді.
Түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрып жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл тұрып желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.