15 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Республиканың тек батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерін тұман басып, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы иқтимал.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылода облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында желдің күші 23 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 күшейіп, шаңды дауылмен екпіні 23 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде таңертең және күндіз тұман болып, жел 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы