Бүгiн 2026, 16:05 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Өкім мәтінінде отырыстың өтетін уақыты мен орны нақтыланған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – делінген құжатта.

Айта кетейік, бірлескен отырыс барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заңнамалық базаны жетілдіруге қатысты маңызды мәселелер қаралады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін өткен бірлескен отырыста Парламент Президент туралы Конституциялық заңды мақұлдаған еді.