15 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, еліміз бойынша жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде жел кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде дауыл, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы