+15 градустан -15 градусқа дейін. Синоптиктер ескерту жасады
Қазгидромет мекемесінің синоптиктері 10 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласында көшпелі бұлт жүреді, кей уақытта қар жауады, боран, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -3...-5°C.
Алматы қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.
Шымкент қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +13…+15°C.
Ақтау қаласында аз бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Ақтөбе қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1…+1°C.
Атырау қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +5…+7°C.
Жезқазған қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -3…-5°C.
Қарағанды қаласында бұлтты, қар жауады, төменгі боран, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -4…-6°C.
Көкшетау қаласында көшпелі бұлт жүреді, қар жауады, боран, жолдарда көктайғақ, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -1…-3°C.
Қонаев қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +5…+7°C.
Қостанай қаласында бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ, жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.
Қызылорда қаласында аз бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +7…+9°C.
Павлодар қаласында бұлтты, қар жауады, боран, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-15°C, күндіз -5…-7°C.
Петропавл қаласында бұлтты, қар жауады, төменгі боран, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -5…-7°C.
Семей қаласында көшпелі бұлт жүреді, қар жауады, боран, жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -3…-5°C.
Талдықорған қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +3…+5°C.
Тараз қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +9…+11°C.
Түркістан қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +12...+14°C.
Орал қаласында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, түнде екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +2…+4°C.
Өскемен қаласында көшпелі бұлт жүреді, қар жауады, боран, жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз +3…+5°C.
Бұған дейін қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болған еді.