15 гектар аумақ отқа оранды: Алматыда тау өртін сөндіру жалғасуда
Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Жалын шарпыған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, күрделі таулы рельеф, тік жартастар және өрт сөндіру техникасының жүріп өту мүмкіндігінің шектеулігі сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Құтқарушылар өртпен қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштер арқылы күресуде.
Оқиға орнына 50-ге жуық маман мен 20-дан астам техника, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың су тасымалдайтын машиналары жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толықтай жою жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай ТЖМ бақылауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөп дайындауда қай өңірлер артта қалды?
Келесі жаңалық
Ертең бірқатар өңірде боран, көктайғақ пен тұман күтіледі
Өзгелердің жаңалығы