15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Қазгидрометтің болжамына қарағанда, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауса, солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.