Өрттен 15 адамды құтқаруға көмектескен жауынгер марапатталды
Астана, BAQ.KZ. Жанып жатқан үйден 15 адамды шығаруға көмектескен «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, ефрейтор Қуандық Қанатовты марапатталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қорғаныс министрінің атынан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мүсілім Алтынбаев әскери қызметшіге көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін алғыс білдірді. Және оның жылдам әрекет етуінің арқасында адамдар құтқарылғанын атап өтті.
"Қуандықтың жасаған әрекеті - бұл әрқайсымыз үшін үлгі. Өйткені, жанқиярлық пен батылдықты қызметтік міндетті орындау кезінде ғана емес, сонымен бірге, кез келген өмірлік жағдайда танытуға болады" - деді Мүсілім Алтынбаев.
2019 жылғы 8 ақпанда «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, ефрейтор Қуандык Қанатов түнгі сағат 2-лер шамасында лаулап жатқан үйден тұрғындарды көшіруге жәрдем көрсеткенін естеріңізге сала кетейік.
Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан шығып, екінші қабатқа тарап үлгерген. Осы үйде тұратын ефрейтор Қуандық Қанатов, өрт сөндіру кезінде дереу көмек көрсетіп, отқа оранған ғимараттан 15 адамды алып шығуға көмектескен болатын. Өрт кезінде ғимараттан 79 адам, оның ішінде, 20 бала көшірілген еді.