15-20 наурыз аралығына ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 15-20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялайды.

Ақмола облысы 

Ақмола облысында аталған уақыт аралығында ауа температурасы +5+10°С-тан 3+2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң ақырындап -5+3°С-тан 0+5°С-қа дейін жылына түседі. Орта кезеңде ауа 5-13°С-ке дейін төмендеп, артынан 0-8°С жыли бастайды. 

Қарағанды облысы 

Қарағанды облысында күндізгі ауа температурасы +5+15°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендеп, артынан қайтадан +3+11°С-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар түнгі ауа температурасы -11+3°С-ден 0+6°С-қа дейін жылып, артынан -3-13°С төмендейді. Облыстың оңтүстігіндегі өзендердің бассейндерінде қар мен мұздың еруі салдарынан су деңгейі көтеріледі. 16-19 наурызда жауын, қар жауады. Наурыздың 15-17, 19 күндері де жауын, қар жауады. 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Күндіз ауа температурасы +5+10°С-ден -3+2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң 0+8°С-қа дейін жылиды. Түнгі ауа температурасы -7+1°С-тан 0+5°С-қа дейін жылиды. Аралық кезеңде температура -5-13°С-қа дейін төмендеп, артынан 0-8°С-қа дейін жылиды. 15-17, 19 наурызда 6 мм жаңбыр, қар жауады. 

Ақтөбе облысы 

Күндізгі ауа температурасы +5+15°С-тан 0+8°С-қа дейін жылып, түнгі температура 0+8°С-тан -5-13°С-қа дейін суиды. Артынан 0-8°С суық болады. Өзендерде қар мен мұз еріп, өз кезегінде ол су деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. 16, 19-20 наурыз аралығында 3 мм қар мен жаңбыр жауады. 

Батыс Қазақстан облысы 

Ауа температурасы +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін суытады. Артынан +5+13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура +1+9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады. Болжамды уақыт аралығында қар, жаңбыр жауады. 

Қостанай облысы 

Күндізгі ауа температурасы +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін төмендейді. Артынан +5+13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура +1+9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады, болжам жасалған кезеңнің орта тұсына таман -3+5°С болады. Болжамды кезең бойынша қар, жауын жауады. Өзен бассейндерінде қар, мұз еріп, су деңгейі көтеріледі. 

Түркістан облысы

Ауа температурасы +17+25°С-тан +12+20°С-қа дейін төмендейді. Түнгі температура 0+8°С-тан +5+13°С аралығында құбылып тұрады. 

Жамбыл облысы 

Күндізгі ауа температурасы +10+18°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С төмендей түседі. Түнгі температура -3+5°С-тан 0+10°С-қа дейін жылиды. 

Алматы облысы 

Күндізгі температура +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С-қа дейін суиды. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін көтеріледі. Алматы облысының солтүстігі, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде қар мен мұздың еруіне соның салдарынан өзендердің суының көтерілуіне ықпал етеді. 

Қызылорда облысы 

Күндізгі ауа температурасы +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылынып, артынан +12+20°С-қа дейін суытады. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін суытады. Қызылорда облысындағы Сырдария өзені толықтай мұздан тазартылып, су деңгейі Шардара мен Көксарай су қоймаларының режимі бойынша реттелуде. 

Шығыс Қазақстан облысы 

Ауа температурасы +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С-қа дейін аздап суиды. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін жылиды. Өңірдің су нысандарында мұз, тау етегінде қар еріп, ағын су басу қаупі туындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы