№142 сайлау учаскесінде жас жұбайлардың некесі қиылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. №142 сайлау учаскесі 2999 адам тіркелсе, қазіргі уақытқа дейін шамамен 1400 адам дауыс берген.
"Таңғы 7:00-ден 16:30-ға дейін шамамен 1400 адам дауыс берді. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында неке қиған жас отбасы осы жерге келіп, дауыс береді. АХАЖ бөлімінің мамандары оларға осы жерде Неке куәлігін табыс етеді", - дейді №142 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Талғат Ахмединов.
Айта кетейік, еліміз бойынша сайлаушылардың 65,9% дауыс берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы