142 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы саласындағы аудит нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы саласындағы аудит нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілісте Смайылов "Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы" Жоғары аудиторлық палатаның есебін таныстырып жатыр.
Еліміздің бас аудиторы салада қанша теңге тиімсіз жоспарланғанын жариялады.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құрады, - деді Әлихан Смайылов.
Оның дерегінше, бюджетке 2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді.
4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді, - деп түсіндірді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Мәжілісте.
Еске сала кетейік, осыған дейін АШМ қабылдаған бағдарламалар соңына дейін жеткізілмегені туралы айтылды.
- Германияда әскери қызметтен бас тартушылар саны күрт өсті 20:59
- «Соңғы бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды 20:45
- Павлодарда шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқан тұрғын анықталды 20:23
- Вице-Президент Ерлан Қарин шетелдік діни көшбасшылардың өкілдерімен кездесті 20:15
- Жер салығы дұрыс есептелмеген: Атырауда 6,5 мың адамның құқығы қорғалды 20:11
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды 20:01
- 100-ге жуық тұрғын «Жасыл аула» акциясына қатысты 19:45