1414 нөмірінен SMS жіберген алаяқтарға алдансаңыз, не істеу керек?

Қазақстандықтар 1414 нөмірінен келген кодты алаяқтарға айтып қойып, жеке деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жайттар кездесіп жатады. Сол арқылы алаяқтар қазақстандықтардың деректерін несие алу мақсатында пайдаланатын жайттар жиілеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мұндай жағдайда не істеу керектігін айтты.

SMS-шлюзтың өзінде немесе сіздің SIM-картаңызда қандай да бір ақпараттық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілгеннің өзінде, техникалық тұрғыдан сіздің нөміріңізді басқасының нөмірі ретінде көрсетіп, басқа нөмірден SMS жіберу немесе қоңырау шалу қарапайым түрде мүмкін екені бар. Бұл — осындай технологияның мүмкіндігі. Сондықтан 1414 нөмірінен келгендей көрінетін алаяқтық хабарламалар жіберілген кезде мұндай жағдайлар орын алатынын ескеру керек, - деді вице-министр Сенатта өткен брифингте берген сұхбатында.

Айтуынша, осындай жағдайда бұлжытпай орындау қажет бір ереже бар.

Біз министрлік ретінде біздің істей алатынымыз – халыққа үнемі ақпараттандыру жүргізу және ешкімге өз кодыңызды айтпаңыз деп үйрету. Яғни код келгенде, кодтың жанына үлкен әріптермен "Өтініш, кодты ешкімге айтпаңыз" деп жазылған ескерту бар. Бұл ережені бұлжытпай орындау керек. Егер қателесіп, кодты біреуге айтқаныңызды түсінсеңіз, ең бастысы – уақытында байқау. Сол сәттен бастап сол адамдармен өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дереу тоқтатыңыз. Тіпті олар таныстарыңыз ретінде таныстырылса да, даусы танысқа ұқсаса да, WhatsApp-та таныс адамдардың фотолары тұрса да, немесе белгілі бір тұлғалардың суреттері көрсетілсе де, байланысуды дереу доғарыңыз, - деді Дмитрий Мун.

Вице-министр кодты айту – алаяқтардың торына түсудің бірінші қадамы деп отыр.

Неге? Себебі кодыңызды айтқаныңыз, бұл алаяққа сіздің сеніміңізді қалыптастырудың бірінші қадамы ғана: ол өзін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстыра алады. Бұдан кейін әдетте қосымша қоңырау келіп, "біз сізден код алдық, бәрі жақсы" деп айта отырып, қосымша сұрақтар қояды немесе несие рәсімдеуді сұрайды, құпия саналатын ақпаратты талап етеді. Мұндай жағдайда еш қандай ақпарат беруді жалғастырмаңыз. Егер сіз тек кодты ғана айтқан болсаңыз және кейін ақпарат беруді тоқтатсаңыз, әрі қарайғы тәуекелдер айтарлықтай төмендейді. Осы жағдайда қауіп қатері шамалы болады. Сондықтан басты қағида: кодты ешкімге айтпаңыз және күдікті әрекет байқалса, дереу байланысты тоқтатыңыз, - дейді Дмитрий Мун.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы