+1

140/140: ҰБТ-дан ауыл баласы абсолютті рекорд орнатты

140/140: ҰБТ-дан ауыл баласы абсолютті рекорд орнатты

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектепте» КММ студенті Санжар Қуандықов наурыз айындағы ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыс әкімдігі жазды.

Мектеп оқушысын облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады.

Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол, – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Мектеп ұжымы мен қатарластары да ақ тілегі арнап, құтты болсын айтты.

Санжар Ғалымжанұлы бұл жоғары нәтиже ата-анасының баласы үшін бар жағдай жасауының өтекі деп, ата-анасына алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы