1400-ден астам рейс тоқтады
АҚШ-тағы авиакомпанияларға тасымалдау көлемін азайту туралы нұсқау берілгеннен кейін 1400-ден астам ішкі және халықаралық рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ВСС агенттігі жазды.
FlightAware ұшуды бақылау қызметінің мәліметінше, жұма күні 7 мыңнан астам рейстің кешкені тіркелген.
Осы аптаның басында Федералды авиация басқармасы (FAA) елдің ең көп жұмыс істейтін 40 әуежайында әуе тасымалының өткізу қабілеттілігін кем дегенде 10% қысқартқанын жариялады. Өйткені шатдаун кезінде ақысыз жұмыс істейтін әуе диспетчерлері шаршадық деп шағымданған.
Республикашылдар мен демократтар Конгресстің тығырықтан қалай шығуы туралы әлі де бір келісімге келмеді. Биыл 1 қазанда жарияланған шатдаун әлі аяқталған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында монша кешені өртенді
Өзгелердің жаңалығы