14 жастағы қызбен жақын қарым-қатынаста болған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Бас прокуратура он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жастағы баламен жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды.

Осы жылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы