14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 30 қаулысымен енгізілген түзетулер күшіне енді.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып танылады. Осыған байланысты, қолданыстағы Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына енгізілген түзетулерге сәйкес 14 жасқа толған ішкі көшіп-қонушыларға тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) ресімделеді. Сәйкесінше, 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды, - делінген хабарламада.Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Азаматтық кодекстің нормаларын басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметті көрсету кезінде баланың тұрғылықты жерін растау үшін ақпараттық жүйелерден ("Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде) ата-аналарының бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәлімет алуы тиіс. Сонымен бірге қағидалардан "мекенжай анықтамасы" деген ұғым алынып тасталды.
Қаулы бойынша уақытша және тұрақты тіркеу деген ұғымдарды айқындау және бөлу үшін қаулыға "тұрақты тіркеу" және "тұрғылықты жер" деген ұғымдар енгізілді.
Ішкі көшіп-қонушыны тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады. Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құлжа тасжолындағы жаңа жолайырық үш деңгейлі болады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы