14 сәуірдегі ауа сапасы қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 сәуірде республиканың тек бір қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазгидрометтің мәліметінше, тек Балқаш қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Республиканың басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құрылыс қарқыны екі есе артады – Сапарбаев
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы