14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Ақтауда да күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с құрайды.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы