14 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасап.

Ауа райының құбылмалылығына атмосфералық фронталды бөліктердің өтуі себеп болып отыр.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы