14 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 1 279 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
1 279 адам коронавирус инфекциясынан жазылды
Нұр-Сұлтан қаласында - 250,
Алматы қаласында - 172,
Шымкент қаласында - 76,
Ақмола облысында - 36,
Ақтөбе облысында - 0,
Алматы облысында - 29,
Атырау облысында - 42,
Шығыс Қазақстан облысында - 80,
Жамбыл облысында – 31,
Батыс Қазақстан облысында - 15,
Қарағанды облысында - 157,
Қостанай облысында - 113,
Қызылорда облысында - 8,
Маңғыстау облысында - 7,
Павлодар облысында - 37,
Солтүстік Қазақстан облысында - 223,
Түркістан облысында - 3.
Елімізде барлығы 967 867 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Вакцинация
2022 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 045 314 адам, 2 - ші компонентін 8 597 994 адам салдырды.
208 адамның жағдайы ауыр
14 қаңтардағы мәлімет бойынша 44 794 адам коронавирус инфекциясынан (43 075 КВИ+ және 1 719 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
4 495 пациент стационарда,
40 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
208 адамның жағдайы ауыр,
76 пациенттің жағдайы өте ауыр,
42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Коронавирус матрицасы
2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.