14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 тамызда Астанада және тағы 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы