14 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер ертең, 14 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, антициклон еліміздің басым бөлігінде болатын жауын-шашынсыз ауа райын айқындайды.

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ғана фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс тіркеледі, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп болжанады, – дейді гидрометео орталық мамандары.

Сондай ақ синоптиктер еліміздің үш ірі мегаполисіне қатысты ауа райы болжамын ұсынды:Реклама

Астанада - аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°C, күндіз шамамен: 0°C.

Алматыда - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°C, күндіз: +11...+13°C.

Шымкентте - күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +17...+19°C.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы