14 мың қой Қара теңізге батып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Румынияда 14 мың қойды тиеген кеме аударылып қалды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Queen Hind кемесі 24 қараша күні Мидия портынан Сауд Арабиясының Жидда портына бет алған. Алайда теңізге шыққан кеме көп ұзамай белгісіз себептермен аударылып қалған.

Жануарлардың бәрі темір торда қамалғандықтан шыға алмаған. Тек 32 қой ғана су бетіне шыққан, оларды құтқару қызметі алып шықты.

Сирия азаматтарынан құралған 22 экипаж мүшесі зардап шекпеген, тек бір матросқа медициналық көмек қажет болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы