14 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігінде найзағамен жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың батысында және оңтүстік-батыстанда жауын-шашын болмайды.
Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысында дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болады.
Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы