14 қазанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қазанның 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. 

Тек Қазақстанның шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жауын (жаңбыр, қар) жауады. 

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. 

Жамбыл облысының кей жерінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы