14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерде жел күшейіп, жаңбыр жауады. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы