14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік-батыстың кей жерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстікте және шығыста қар жауады. Кей жерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік-шығыстың, солтүстіктің кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.  

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерінде түнде тұман күтіледі, түнде Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел кей жерде 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы