14 адамның атынан несие алған әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында алаяқ әйел 14 ауыл тұрғынының атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
7 ақпан күні Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне 61 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Белгісіз біреу оған банктердің бірінде 500 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген. Бұл туралы тұрғын банктен қоңырау шалып, қарызды жабуды сұрағанда ғана білген.
Мамыр айының ортасында атқарылған жұмыстармен ауданның криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаарқа ауданының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Жұмыссыз әйел «кредит алуды» кәсібіне айалдырып алған. Оның тағы 13 ауыл тұрғынына 15 млн теңгеге жуық несие рәсімдегені белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында екі жасырын цех анықталды
Өзгелердің жаңалығы