137 балл жинаған түлек: Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеуде Қызылорда облысы түлектерінің арасында ең жоғары балл жинаған Дильназ Алматқызы ұстаздық жолды таңдап отыр. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Қызылорда қаласындағы Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің оқушысы. Педагог болуға талпынысы ерекше түлек тестілеуге екі мәрте қатысып, алғашқысында – 134, екінші рет 137 балл еншіледі.
Ұстаз болуды жаныма жақын тұтамын. Білген біліміңді балаларға үйрету деген керемет қой, маңызды миссия әрі ерекше жұмыс деп ойлаймын. Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін, – дейді Дильназ.Дильназ биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу әр түлекке ерекше мүмкіндік сыйлап, сонымен бірге сынақ әділ әрі ерекше өтіп жатқанын ерекше атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ-ның офицерлер даярлау бойынша халықаралық курсы басталды
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы