135 жастағы қарт әжей қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қытайдың ең қарт тұрғыны саналған Алимихан Сейити  қайтыс болды. 

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өмірден өткен қарт 135 жаста болған деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Алимихан Сейити 1886 жылы 25 маусымда Қашғар округіне қарасты Шулэ уезі Комушерік кентінде дүниеге келген. 2013 жылы ол бұрын Қытай Геронтологиялық қоғамы ретінде белгілі Қытай геронтология және гериатрия қауымдастығы құрастырған аталған елдің ең қарт тұрғындарының көшін бастаған. Ол өле-өлгенше өте қарапайым  өмір сүрді. 

Айта кетерлігі, Комушерік Қытайдағы «ұзақ өмір сүрушілер кенті» аталып кеткен. Ол жерде 90 жастан асқан адамдар көп тұрады. 

Медициналық қызмет көрсетуд жақсарту олардың өмір сүру ұзақтығының да ұзаруына алып келді. Жергілікті билік өкілдері 60 жасқан адамдарға келісімшарт бойынша дәрігердің қызметін, жыл сайынғы тегін медициналық тексерістер мен ай сайын субсидия ұсынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы