130 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін. Елордалық тәрбиешілер қанша жалақы алады

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев елордалық тәрбиешілер мен балабақша меңгерушілерінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру ұйымдарының барлық педагогінің жалақысы 25%-ға өсіп келеді. Осылайша биыл да 25 пайызға көбейді, - деп айтты басқарма басшысының орынбасары.

Ол елордалық педагогтердің қанша жалақы алатынына тоқталды.

Бүгінгі таңда балабақша меңгерушілерінің санаттары және жалпы педагогика саласындағы еңбек өтілінің өсуін ескере отырып, лауазымдық жалақысы 130 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін өсті. Педагогтердің жалақылары 100 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін көбейді, - деп айтты Серік Әділбаев.

Оның айтқан мәліметінше, қазіргі таңда балабақша меңгерушілері лауазымына бос орындар бар. Сөзінше, 14 орын бос.

Қазір балабақша меңгерушісі лауазымына бос ашылды. Оған тағайындау конкурстық рәсім арқылы жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Әділбаев.

Астана қаласы Білім басқармасы білімі, біліктілігі бар және талапқа сай келетін мамандарды осы лауазымға келуге шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: unicef.org
Өзгелердің жаңалығы