130 баланың амандығы үшін жан берген азамат
Qazaqstan Ұлттық арнасында тұсауы кесілген «Жақсылық жаса» бағдарламасының алғашқы кейіпкері – марқұм Қайрат Жұмабековке арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайрат Жұмабеков осыдан 16 жыл бұрын Астанадан Қарағандыға қайтып келе жатып, жол көлік апатына түсе жаздаған 3 автобус толы баланы аман алып қалып, өз жанын қиған полиция қызметкері еді.
2008 жылдың 20-сыншы мамыры болған оқиға көптің есінде. Елордаға экскурсияға балаларды апарып Қарағандыға қайтып келе жатқан 3 автобуспен бірге патрульдік машина келе жатады. Кенет жеңіл көлікке соқтығысқан КАМАЗ балаларға қарай бағыт алады. Қызметтік көліктегі сержант Қайрат Жұмабеков қас- қағым сәтте полиция машинасын ауыр көлікке бұрып, соққыны өзіне алып автобустағы оқушыларды қорғап қалған.
Ауыр соққыдан Қайрат Жұмабеков оқиға орнында қаза тауып, қасындағы серігі Дмитрий Пугач аман қалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы