АҚШ-та торнадо салдарынан 130 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жойқын торнадоның салдарынан бір адам қаза болып, 130 адам зардап шекті. Бұл туралы The Associated Press жазды.


АҚШ-тың метеорологиялық қызметінің мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 264 шақырымға дейін жеткен.


Индиана, Колорадо, Огайо, Айова, Небраска и Иллинойс штаттарында торнадо салдарынан 68 мың үй электр қуатынсыз қалған.

Огайоның 3 округінде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар, Канзас-Ситидің халықаралық әуежайы уақытша өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы