13 жылдан соң ашылған қылмыс: Түркістанда кісі өлтірген алты адам сотқа тартылды
Түркістан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары 13 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан облысы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, 2012 жылғы 12 қазанда Сайрам ауданында алты адам жәбірленушіні ұрып-соғып, кейін оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерге алып келген.
Алты күдіктіге қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ешкімнің адамды өмірінен өз бетінше айыруға құқығы жоқ екенін және барлығы заң мен сот алдында тең екенін ескертеді.
Бұған дейін Астана қаласының прокуратурасы әйелді 6 ай бойы аңдыған сталкер сотталғанын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Үкіметке: Шеберліктеріңізді көрсетіңіздер
Өзгелердің жаңалығы