"13 жастағы қыз екіқабат болып қалған". Зәкиева мектептегі жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысындағы жантүршігерлік жағдай туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала көтерген қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр. Мектеп директорының орынбасары жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбады және істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеді, - деп жазды ол.
Зәкиева қорғаныс органдары қызметкерлері санының нормативін сәйкестендіру керегін айтады.
Ондай қызметкерлер 5 мың балаға 1 қызметкерден келуі керек. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 58 мың балаға 1 қызметкер бар. Қызметкердің өзі үлгермейтінін айтады. Әр баланың құқықтары әр жағдайда қорғалып, нәтижеге жеткізілуі керек, - дейді Динара Зәкиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қылмыстық жазадан жалтару схемасы әшкере болды
Өзгелердің жаңалығы