13 жасар бала екі ұшақ ұрлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда 13 жасар бала кішігірім екі ұшақты ұрлады. Бұл туралы Daily Mail жазады.
Бейнебақылау камераларына жасөспірімнің түн ортасында Тайху көлінің жағасындағы экскурциялық бюроның тұрағына кіріп, екі ұшақты көлік тұрағына алып шыққаны түсіп қалған. Ол ұшақ кабинасына кіріп қана қоймай, онымен ұшып көрген.
Сөйтіп жүргенде ол бір ұшақты шарбаққа соғып алады. Одан түсіп, екіншісіне отырады да, тұрақта үш рет айналады.
Экскурсиялық бюро қызметкерлері болған жағдайда таңертең жұмысқа келгенде көреді. Қызметкерлердің біреуі жасөспірімнің алдынғы күні келгенін еске түсірген. Ол кезде бала 2 сағат бойы ұшақ қозғалтқышының қалай жөнделіп жатқанына қарап тұрған. Сол уақыт оның әуе кемесін қалай ұшыруға болатынын үйренуге жеткілікті болған.
Бала барлығын полицияда мойындады. Ата-анасы оның түнде үйден қашып кеткенін білмеген.