13 тамызда елдің көп өңірінде дауыл тұрып, бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, 13 тамызда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Сонымен, бүгін солтүстік шығыста күн күркіреп, найзағай ойнайды. Нөсер жаңбырдың арты бұршаққа ұласуы ықтимал. Сондай-ақ, республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл көтеріледі. Ал солтүстік батысқа тұман түседі.
Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жеріне де тұман түсіп, дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Осы орайда, Атырау облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, күндіз Алматы, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерінде жел тұрады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.