13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері еліміз бойынша алдағы сенбі, 2024 жылы 13 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің шығысында ғана сақталады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп болжанады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының орталығы мен тауларында нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, – деп жазылған болжамда.

Синоптиктер атап өткендей, күндіз Алматы мен Жетісу облыстарында аптап ыстық болады, ал Қарағанды мен Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі.

Сондай-ақ болжам бойынша Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Түркістан, Маңғыстау облыстары, Жамбыл өңірінің батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы