13 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 шілде күні еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі.
Алайда, елдің солтүстік және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр болады, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте және батыста – шаңды дауыл, шығыста бұршақ жаууы ықтимал."Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Түнде Павлодар, Қарағаңды, Ақмола облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі. Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады. 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.