12 Шілде 2026, 20:55 Фото: depositphoto.com

13 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің әр өңірінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

«Қазгидромет» 13 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ескерту Қазақстанның барлық 17 облысына, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты.

Қостанай облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында да жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр мен найзағай, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыста өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік пен шығыста төтенше, батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанады. Іле Алатауының таулы аймақтарында да осындай ауа райы күтіледі.

Алматы облысында тау бөктері мен таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болады. Шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстікте төтенше, батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында да жоғары өрт қаупі жарияланған.

Маңғыстау облысында түнде солтүстік-батыста, күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстікте, шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында шығысында және оңтүстігінде жоғары, солтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Шымкентте желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында батысында, солтүстігінде және тау бөктерінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары, ал батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да төтенше өрт қаупі жарияланған.

Қызылорда облысында күндіз солтүстікте шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары, ал орталығында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі. Орал қаласында да осындай ауа райы болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік және шығыс аудандарда найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, ал солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі жарияланған.

Атырау облысында күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–18 м/с. Батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-батысы мен орталығында жоғары, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында күндіз солтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен шығысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары, ал батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі жарияланған.

Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.