13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Баяу жылжитын антициклон салдарынан Қазақстанның барлық аумағында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы