12 Қыркүйек 2026, 20:25 Фото: magnific.com

13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы бұзылып, күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы бұзылып, күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы әрі дауыл соғуы мүмкін.

Елдің батыс өңірлерінде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Өрт қаупі бар өңірлер бойынша жасалған ескертуге сәйкес, алдағы уақытта еліміздің басым бөлігінде күрделі ахуал сақталады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстарының кейбір аумақтарында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, сонымен бірге Қарағанды, Абай, Жетісу, Алматы, Атырау және Маңғыстау өңірлерінің жекелеген өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталатыны болжануда.