"1,3 млрд шығын". Антикор спорт саласындағы бірқатар былықты әшкереледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров еліміздің спорт саласындағы бірқатар жемқорлық фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спортты қаржыландыру  саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында  мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің қызметін тексеруді жалғастыруда. Жылдың басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1,3 млрд теңге шығын әкелген 59 қылмыстық құқық  бұзушылықты тіркеді. Арнайы жаттығу секцияларын қосарланған  қаржыландырудың, жалған оқу-жаттығу жиындарына және жан  басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемалары ашылды, - деді Бегайдаров агенттікте өткен брифингте.

Бегайдаров Туризм және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы директорына, оның орынбасарына және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлім етті.

Олар «Artsport» бағдарламасымен балаларды оқыту бойынша қызметтер көрсету шеңберінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Сонымен қатар, «Азия ойындары-2023» спортшыларының  жабдықтарын, спорттық қызметтерді, спорттық жабдықтарды  және іс-сапар шығындарын сатып алуға бөлінген бюджеттік ақшаны иеленудің қосымша эпизодтары белгіленді. Көрсетілген фактілер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы - 746 млн теңге, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы