Кеше 2026, 23:47 Фото: pixabay

13 мамырда қай қалада ауа сапасы нашарлайды

13 мамырда 6 қалада қолайсыз ауа райы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.