13-19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанда қар жатқан аумақтың ауданы 7%-ды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 13-19 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жаңбыр қарға ұласады: 14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Қарағанды облысында, 14, 17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында.

Қатты жаңбыр 13-14, 16 сәуірде Түркістан облысында, 14-16 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында, 16 сәуірде Жетісу облысында болады деп болжануда, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтауы күтіледі.

Еліміздің батысында түнде 18 градусқа дейін, күндіз 30 градусқа дейін, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 12 градусқа дейін, күндіз 25 градусқа дейін, орталықта, шығыста түнде 10 градусқа дейін, күндіз 23 градусқа дейін, оңтүстікте түнде 17 градусқа дейін, күндіз 30 гардусқа дейін ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 12, күндіз 25 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы