123 ауылға көмек: медициналық пойыз сапарын бастады
Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жылдың ішінде «дөңгелектегі емхана» 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен стансада тоқтап, медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жылдың ішінде «дөңгелектегі емхана» 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен стансада тоқтап, медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бұл әлеуметтік жобаның маңызын және жалпы көлік медицинасын ауыл тұрғындарының саулығын жақсартудағы рөлін атап өтті. 90 мыңнан астам қазақстандық медициналық пойыздың қызметін пайдалана алады.
Жылжымалы медициналық бригаданың құрамында 36 білікті дәрігер, сондай-ақ медиаторлар мен заңгерлер бар.
Олар — терапевтер, хирургтер, педиатрлар, невропатологтар, рентгенологтар, кардиологтар, стоматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, онколог-маммологтар, гинекологтар және урологтар.
Дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасайды.
Бұған қоса, диагностика жүргізу үшін медициналық пойыз қажетті зертханалық және құрал-жабдықтармен жабдықталған: ЭКГ, УДЗ, флюорограф, гастрофиброскоп.
Жоба іске асқалы бері 15 жылдың ішінде 800 мыңнан астам адам, олардың әрбір бесіншісі — бала, дәрігерлерден көмек алды. Хирургтер шамамен 37 мың операция жасады. Өткен жылы пойыздың дәрігерлері 104 250 пациентті қабылдаған.
Бұл әлеуметтік жобаның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі техникалық жарақтау, медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз етеді.
Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының әріптестігімен жүзеге асырылуда.
Медициналық пойыздың нақты қозғалыс кестесі www.medpoezd.kz сайтында жарияланған.
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07
- Алматы тауларындағы әлемдік деңгейдегі курорт: Не салу керек, нені сақтау қажет? 17:50
- 2026 жылы Қазақстанда АӘК тағайындау тәртібі қалай өзгерді және әдістеме қалай жұмыс істейді? 17:30