1200-ден астам жас дарын халықаралық өнер додаларында топ жарды
Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты 10 білім беру ұйымы мәдениет саласына маман даярлаумен айналысады.
Қазақстанның мәдениет саласындағы білім беру жүйесі шығармашыл әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға басымдық беріп келеді.
2026 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының 1548 оқушысы мен студенті республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысқан.
Өнер додаларының қорытындысы бойынша 1231 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Қазақстандық жас таланттар Германияда өткен «Мир музыки» халықаралық байқауында, Франциядағы Magic Stars of Paris халықаралық байқауында, IV халықаралық «Жібек жолындағы жұлдыздар шұғыласы» жас орындаушылар байқауында, Польшадағы Иоганнес Брамс атындағы байқауда, Қытайдағы Shanghai International Film Festival халықаралық кинофестивалінде, Ресейдегі Арабеск-2026 байқауында және өзге де беделді өнер алаңдарында жоғары нәтижелер көрсетті.
Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты 10 білім беру ұйымы мәдениет саласына маман даярлаумен айналысады. Оның ішінде 4 жоғары оқу орны, 4 колледж және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған музыка мектебі бар.
Бұл білім беру ұйымдарында жалпы саны 11 136 білім алушы оқиды. Оның 5 950-і жоғары оқу орындарының студенттері болса, 5 186-сы мектептер мен колледждердің білім алушылары.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33