12 жасында босанған қыз оқиғасы: Ата-анасы зорлық-зомбылық туралы білмеген

Павлодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасында босанған қызға қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қыздың және оның отбасының жағдайы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Шәкенова Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның тапсырмасымен 13 жасқа таяған уақытында ана атанған қыздың отбасы тұратын Галкино ауылына барған.

Ол қыздың анасымен сөйлескенде олардың екі баласымен Қазақстанға 2019 жылы Моңғолиядан көшіп келгені белгілі болған. Сөзінше, бұл отбасы Галкино ауылында тұратын туыстарының шақыруымен Павлодар облысына келген.

Қазақстанда тағы үш баласы дүниеге келген. Анасы қазір декреттік демалыста. Ол 2022 жылы ең кішкентайын дүниеге әкелген. Қыздың анасы оқи да, жаза да алмайды. Ол құжаттарға қол қою үшін тек аты-жөнін ғана жаза алады. Отағасы 6 сыныпты бітірген, мамандығы жоқ. Мектепте пеш жағушы ретінде маусымдық жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді, - дейді уәкіл.

Олар 2024 жылғы 3 сәуірде мектеп мұғалімдерінен үлкен қызының жүкті болуы мүмкін екені туралы білген. Сол күні заңды өкілдердің рұқсатымен жүктіліктің фактісін растайтын ультрадыбыстық зерттеу жүргізілген.

Қыз дереу аудандық ауруханаға дәрігерлердің бақылауына алынып, 2024 жылғы 19 шілдеге дейін сонда болды. Ауруханада мектеп басшылығы оқу жылының соңына дейін онлайн оқытуды ұйымдастырды. Болашақ ана ауруханада жатқан 3 жарым ай ішінде жергілікті білім беру мекемесі мен мектептің педагогикалық ұжымының жеке қаражаты есебінен киім-кешек, аяқ киім және тамақпен қамтамасыз етілді. Негізгі міндет ерте жүктіліктің ойдағыдай өтуі болды. Нәтижесінде салмағы 3 360 грамм дені сау қыз дүниеге келді, - деп айтты Сәуле Шәкенова.

Облыстық перинаталдық орталықтан шығарылған жас ана мен сәби қайда орналасатыны туралы мәселе алдағы уақытта шешіледі.

Олардың айтуынша, қыздың әкесі де, анасы да сексуалдық зорлық-зомбылық фактісін білмеген де, күдіктенбеген де. Қазіргі уақытта олар күдіктінің отбасымен туыстық қатынасы үзілгенін айтып жатыр, - дейді уәкіл.

Мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыздың жүкті болғаны, сондай-ақ оған қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы дереу құзырлы органдар мен құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Оның сөзінше, күдікті ұталған, қазір қамауда. Зорлау бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 12 жастағы оқушы босанғанын хабарладық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Өзгелердің жаңалығы