12 жасқа толмаған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін бе? – Цой жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, ел аумағында 12 жасқа толмаған балаларды иммундауға қатысты мәселе әлі шешілген жоқ. 

12 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының келісімі болған кезде вакцина салу мүмкіндігіне қазір елімізде тыйым салынған. Өйткені біздің қолымызда өндірушілердің нақты нұсқаулығы жоқ. Қазіргі сәтте өндірушілер ұсынған нұсқаулықта 12 жастан асқан балаларға ғана коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат, - деді Алексей Цой Үкіметтің кулуарында.  

Сонымен қатар ол қайта вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді. Сөзіне сенсек, бәрі ақылы вакциналар пайда болған соң шешілуі мүмкін.

Бізге өзге ақылы вакциналар келген соң азаматтардың өздеріне бір немесе екі вакцина қабылдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береміз. Бірақ ревакцинация кезінде бір доза, яғни үшінші компонентті салу ұсынылады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі ревакцинация үшін «Спутник-V» екпесін салуға болмайтыны туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы